Kemel Adam

3,4 (8 · RU) · 1,0 (1 · US)

Разработчик
105KZ, TOO
Устройства
Вышло
01.09.2022
Текущая версия
3.1.0 (20.11.2026)
Требует iOS
13.4
Размер
40 МБ
Языки
EN

О приложении

Kemel Adam ниетті күнделікті істерге айналдыруға көмектеседі. Күніңізді жоспарлаңыз, пайдалы әдеттер қалыптастырыңыз, намазды қалдырмаңыз және мақсатыңызға қадам-қадам жақындаңыз — бәрі бір қолданбада, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.

КҮН ЖОСПАРЫ

• Уақыты, ескертуі және маңыздылығы бар тапсырмалар; жоспары бар күндер белгіленген апта таспасы

• Қоржын — күні жоқ істер мен идеяларға арналған орын: кейін аптаға, айға бөліңіз немесе күн беріп, жоспарға жіберіңіз

ӘДЕТТЕР МЕН МАҚСАТТАР

• Әдетті жай белгілеуге немесе санауға болады: су, қадам, бет; мақсат бөлшек те бола алады (мысалы, 0,6 л)

•…

Бесплатно
Открыть в App Store

Скидок пока не было — следим за ценой с 25.11.2026

История цены

25.11.2026Бесплатно

Цена проверена 25.11.2026

Что нового в 3.1.0

Жаңалықтар: «Өмір шеңбері» тесті және ЖИ көмегімен мақсат қою; «Жүрек айнасы» тесті; дауыстық көмекші (басып тұрып айтыңыз); интеграциялар: телефон күнтізбесі, күнтізбе сілтемесі, Todoist және Notion; «Жасадым ба?» әдеттер виджеті. Кітапхана: сатып алынған кітапты телефонға жүктеп, интернетсіз оқуға және тыңдауға болады. Түзетулер және жылдамдық. Новое: тест «Өмір шеңбері» и цели с помощью ИИ; тест «Жүрек айнасы»; голосовой помощник (зажмите и говорите); интеграции: календарь телефона, ссылка-календарь, Todoist и Notion; виджет привычек «Сделал ли я?». Библиотека: купленную книгу можно скачать на телефон и читать и слушать без интернета. Исправления и ускорение.

Официальное описание

Kemel Adam ниетті күнделікті істерге айналдыруға көмектеседі. Күніңізді жоспарлаңыз, пайдалы әдеттер қалыптастырыңыз, намазды қалдырмаңыз және мақсатыңызға қадам-қадам жақындаңыз — бәрі бір қолданбада, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. КҮН ЖОСПАРЫ • Уақыты, ескертуі және маңыздылығы бар тапсырмалар; жоспары бар күндер белгіленген апта таспасы • Қоржын — күні жоқ істер мен идеяларға арналған орын: кейін аптаға, айға бөліңіз немесе күн беріп, жоспарға жіберіңіз ӘДЕТТЕР МЕН МАҚСАТТАР • Әдетті жай белгілеуге немесе санауға болады: су, қадам, бет; мақсат бөлшек те бола алады (мысалы, 0,6 л) • Өмір салалары бойынша мақсаттар, SMART әдісі және «өмір тепе-теңдігі» • Аналитика: әдеттер, тапсырмалар, мақсаттар, қаржы және зікір — бір бетте; өткен кезеңмен салыстыру және «Кемел адам» кітабынан кеңестер НАМАЗ, ДҰҒА ЖӘНЕ ЗІКІР • Қалаңыздағы намаз уақыты, құбыла бағыты және нақты уақытында келетін еске салғыштар • Дұғалар жинағы • Зікір: жеке санауыш, жамағатпен бірге және топта зікір айту; дыбыс түймелерімен экранға қарамай санау; зікірді әдетпен байланыстыру ТОПТАР • Әдетті отбасымен, достармен бірге қалыптастырыңыз: топ чаты, қатысушылар рейтингі, шақырулар және топ ережелері • Топтық әдетті жеке әдетпен байланыстыруға болады: біріне белгі қойсаңыз — екіншісіне де түседі ЖОБАЛАР • Канбан тақтасы, кесте және Гант диаграммасы; бірнеше орындаушы, пікірлер • Тапсырма мерзімі туралы еске салу — хабарландыру, оятқыш немесе «қоңырау» түрінде • Интернетсіз де жұмыс істейді: байланыс пайда болғанда өзгерістер өздігінен жіберіледі ӘМИЯН • Шоттар, кіріс, шығыс және аударым, санаттар бойынша статистика; интернетсіз де жұмыс істейді БАСТЫ ЭКРАНҒА АРНАЛҒАН ВИДЖЕТТЕР • Келесі намаз, күнге арналған кесте, қадамдар, тапсырмалар, күнтізбе және жобалар ТАҒЫ • Apple немесе Google арқылы жылдам кіру • Веб-нұсқасы web.kemeladam.kz: қолданбадағы QR-код арқылы кіру • Демо деректермен қолданбаны аралау (Профиль → «Турды бастау») • Интерфейс үш тілде: қазақша, орысша, English Сұрақтар мен ұсыныстар: info@kemeladam.kz

Похожие приложения